13:25, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында шағын бизнесті несиелендіру төмендеді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында өткен жылдан бері екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес кәсіпорындарын несиелендіруі төмендеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.
«ҚР Ұлттық банкі Жамбыл облыстық филиалының мәліметі бойынша, екінші деңгейлі банктер тарапынан шағын бизнес кәсіпорындарын несиелендіру төмендеген. Егер 2008 жылдың қаңтар-маусым айларында екінші деңгейлі банктер 6,17 млрд. теңге соманың несиелерін берген болса, биылғы жылғы қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 3,1 млрд. теңгені құрады», - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Гүлжауһар Құшанова.