19:37, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Жамбыл облысында шопан көлдің маңынан артиллериялық снаряд тапты
ТАРАЗ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында шопан көлдің маңынан артиллериялық снаряд тапты, деп хабарлады өңірлік прокуратура.

Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің сөзіне қарағанда, Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің кезекшілік бөліміне шопан болып істейтін В. Валиев есімді азамат хабарласты. Ол Каменное көлінің ауданында, Тараздан 20 шақырым жерде артиллериялық снарядтың табылғандығын хабарлады.
Оқиға орнына Жамбыл облысы АІІБ-нің жедел-іздестіру тобы, «Арлан» тобының саперлары, ТЖД жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндірушілер, сондай-ақ Жамбыл облысының прокуроры жетті.
Қазіргі уақытта табылған снарядтың қайдан келгенін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде, деді Х. Дәуешов.