Жамбыл облысында су шайып кеткен газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары басталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында су шайып кеткен газ құбырының тірегін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жұмыс барысымен облыс басшысы бастаған арнайы топ танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Жамбыл облысында су шайып кеткен газ құбырының тірегін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жұмыс барысымен облыс басшысы бастаған арнайы топ танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Қазір Талас өзеніндегі судың көптігіне қарамастан қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Газ құбырын қайта жүргізу үшін 10- нан астам арнайы техника жұмылдырылған. Олар су жағалауына топырақ төсеп, құбыр жүргізуге қолайлы жағдай жасауда. Мамандардың айтуы бойынша аталған жұмыс бір аптаның көлемінде аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Талас өзенінен түсетін су көлемінің артуына байланысты Жамбыл ауданының Қызылқайнар, Жасөркен ауылдарына газ тасмалдайтын құбырдың тірегі шайылып істен шыққан болатын. Салдарынан 650 үй көгілдір отынсыз қалған.

«Бүгінгі таңда Киров су қоймасынан Талас өзеніне келіп жатқан су көлемі секундына 156 текше метрді құрауда. Ауыл тұрғындарына ешқандай қауіп қатер төніп тұрған жоқ, бір аптаның көлемінде газбен қамтамасыз ететін боламыз деді», - облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Е. Көшербаев.

Соңғы жаңалықтар