Жамбыл облысында Талас өзені арнасынан тасып, бір ауыл су астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Талас өзені арнасынан тасып, салдарынан Қостөбе ауылындағы 34 үйді су басқан.
None
None

Қазіргі уақытта жергілікті көлемде төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 қазан сағат 12:05-те Жамбыл облысы ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспечерлік басқармасына  Байзақ ауданындағы Қостөбе ауылының маңында Талас өзенінің 20 метр жағалауын шайып, оның салдарынан  Қостөбе ауылындағы 34 тұрғын үйдің ауласын су басқан», - делінген Жамбыл облысы ТЖД  хабарламасында.

Тәулік ішінде жергілікті атқарушы органдардың күшімен (30 адам мен 9 бірлік техника) және Байзақ ауданының №8 өрт сөндіру басқармасымен  (9 адам мен 1 бірлік техника) бірлесе отырып, өзен арнасының және суару каналының жағалауларын күшейту жұмыстары жүргізілді. Байзақ ауданы әкімшілігінің 2016 жылғы 6 қазандағы қаулысымен «жергілікті аумақтық» төтенше жағдай жарияланды.

«Төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жалғастырылуда. Облыс әкімшілігі Қырғызстан Республикасының Талас облысының әкімшілігімен бірлесе Киров су қоймасынан су жіберуді азайту мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылып жатыр», - деп хабарлады департаменттен. 

 

Соңғы жаңалықтар