Жамбыл облысында Талас өзені газ құбырының тірегін шайып кетіп, екі ауыл көгілдір отынсыз қалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында газ құбыры тірегін су шайып кетті, деп хабарлады өңірдің ТЖД.
None
None

«18 маусымда сағат 20:00-де Жамбыл облысында Қызылқайнар ауылының маңында Талас өзенінде су деңгейінің ұлғаюы салдарынан  (секундына 198,48 текше метр) өзен арқылы өтетін орташа қысымды коммуналдық газ құбырының тірегін шайып кетті, - делінген облыстың ТЖ баспасөз қызметі хабарламасында,  - салдарынан газ құбырының бөлігі суға кетті».

«ҚазТрансГазАймақ» ЖШС күштері өзенде су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп түсіндірді облыстық ТЖД-де.

Соңғы жаңалықтар