Жамбыл облысында тасжол жиегінен қару-жарақ табылды

None
Фото: polisia.kz
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру барысында жол жиегінен қару-жарақ тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлер 16 калибрлі «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 6,62 калибрлі «Байкал» маркалы газ тапаншасын, 6 патрон тапқан.

«Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, ҚР Қылмыстық Кодексі 287-бабының 3-бөлігі, яғни қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жалпы, аталған баптың санкциясымен айыпталушыға бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», - деді облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткенін жазған болатынбыз. Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын ұялы телефонды бүлдіршінге алма беру арқылы алдап, айырбастап алған.


Соңғы жаңалықтар