Жамбыл облысында төрт адамның өліміне алып келген жол апатын жасаған полиция капитаны ішкі істер органдарынан шығарылды

«17 ақпан күні Жамбыл облысы ауданының жергілікті маңыздағы автотрассасында болған жол апаты фактісі бойынша ІІД басшылығы бір беткей шара қолданды. Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Дәулет Жанұзақовқа ҚР ҚК 296-бабының 3-тармағымен (Автомобильді басқарушы тұлғаның екі адамнан астам адамның өліміне алып келуіне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзуы) қарастырылған қылмысты жасады деген айып тағылды. Жанұзақов ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 132-ші бабына сәйкес ұсталды», - делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.
Денсаулық жағдайына байланысты Жанұзақов қазір Тараз қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының арнайы палатасында ұсталуда, оған күзет қойылған. Жол апатында оның бас миы шайқалған, қабырғалары сынып, жағы зақымдалған, сол себепті де сөйлей алмайды.
Жамбыл аудандық сотынан оны тұтқынға алуды санкциялау сұралды, өтінішті қолдау үшін материалдар аудандық прокурорға да жолданды.
Қазіргі уақытта Жанұзақов ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды.
Еске салайық, қайғылы оқиға «ГАЗ-3110» автокөлігінде болған төрт адамның өмірін қиды, олардың арасында үш жасар бала болды. Осы көлікте болған тағы екі жолаушы қазір жан сақтау бөлімінде жатыр, медициналық қызметкерлер олардың жағдайларын «ауыр» деп бағалауда. Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен «Мицубиси-Паджеро»-ның рулінде Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны мас күйінде болды.