Жамбыл облысында төрт айда 199 жол-көлік апаты тіркелді, оларда 47 адам қаза тапты

ТАРАЗ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 2012 жылдың төрт айында 199 жол-көлік апаты тіркелді, оларда 47 адам көз жұмып, 285-і жарақаттанды, деп хабарланды облыстық ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

Жол-көлік апаттарына жасалған талдау көрсеткендей, өңірде тіркелген жол апаттарының 21 пайызы жылдамдықты асыру себептерінен болды (41 апат, 14 адам көз жұмды, 51-і жарақаттанды), жол апаттарының 19 пайызына көліктің жолдың қарсы бағытына шығып кетуі себеп болды.

Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда және де облыстық ІІД ІІБ басшылығының бақылауында, деп хабарланды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар