Жамбыл облысында тыныс алу жолдарының ауруларына шалдыққан балалардың саны артты

ТАРАЗ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында өткен жылда тыныс алу жолдарының ауруларымен сырқаттанатын балалардың саны және ауаны ластайтын көліктің саны артты.
None
None

Мәселе қадағалау ведомствосы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мен ІІБ өкілдерінің қатысуымен өткен облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде талқыланды.

«2011 жылдың тексеру нәтижесі көрсеткендей, ауаның ластануының артуы, тыныс алу жолдары ауруларының көбеюіне, соның ішінде балалар арасында өсуіне алып келді. Егерде 2010 жылы 164 604 факті тіркелсе, 2011 жылы ауыратын балалардың саны 170 540-қа өсті», - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Олег Морозов.

Оның атап көрсеткеніндей, ауаның ластануының 70 пайызы көлік құралдарының қалдықты газдарына тиесілі, олардың саны 2011 жылғы 287 161-ден 2012 жылдың қаңтар айында 325 532 мыңға дейін артты.

«Автопарктердің 66 пайызы облыс орталығына тиесілі. Тексеру мен прокуратураның ұйымдастырған рейді көрсеткендей, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтары нормадан ауытқып отырған техникалық ақаулары бар көліктер Тараздың көшелерімен әлі де жүруде», - деді О. Морозов.

Тексеріс нәтижесі бойынша облыс прокуратурасы мұндай жүргізушілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 232 іс қозғады, ауаны жүйелі түрде ластап отырған 68 жолаушылар автобусын пайдалануды тоқтату туралы мәселе көтерілуде.

«Бұзушылар жауапкершіліктен сытылып кетеді немесе жеңілдетілген түрде жауапқа тартылады. Жазаға дереу тарту қамтамасыз етілмейді», - деді Жамбыл облысының прокуроры Бағбан Тайымбетов.

«Мәселе халықтың денсаулығына қатысты болғанда, Заң бойынша жұмыс істеу керек», - деді өңірдің бас прокуроры.

Соңғы жаңалықтар