Жамбыл облысында ТЖ талаптарын бұзудың 119 дерегі тіркелді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде 119 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында ТЖ талаптарын бұзудың 119 дерегі тіркелді

Полиция департаментінің мәліметінше, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және жол бермеу мақсатында Жамбыл облысының шығу/келу жолдарында 36 блокпост жұмыс істеуде, оның ішінде 7 – і Тараз қаласында. Облыста карантин режимін енгізумен патрульдік жасақ жұмысы да күшейтілді. Екі ауысымдық режимде қалада 10 мобильді топ кезекшілік етуде.

«Учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралап, облыс орталығы мен аудандардағы патрульдеу барысында автоэкипаждар тұрғындарды карантин талаптарын міндетті түрде орындау керектігін ескертуде. Төтенше жағдай кезінде 119 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша-118, оның ішінде 9 ескерту, 75 адамға 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынса, 12 факті бойынша әкімшілік қамауға алынды. Қалғандары бойынша материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар, бір адам ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік қамауға алынды», делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта аудандар мен облыс орталығындағы жағдай облыстық полиция департаменіті басшылығының тұрақты бақылауында.