20:40, 07 Маусым 2016 | GMT +5
Жамбыл облысында ҰБТ-дағы орташа балл - 78,5
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы мектептерінің 5683 түлегі ҰБТ тапсырды.

Облыстық білім басқармасында атап өткендей, өңірде ешбір түлек 125 балл жия алмаған.
Бүгінде облыс бойынша ҰБТ орташа балл - 78,5. 208 «Алтын белгіге» үміткер 208 үміткердің - 56%, үздік аттестатқа үміткер 71 түлектің 38% білімін дәлелдей алды.
Білім басқармасындағылардың айтуынша, үш жамбылдық 124 ұпайдан жинай алды. Бұл Жуалы ауданындағы Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясының екі түлегі мен Тараз қ. № 45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі.
2015 - 2016 оқу жылы өңірдегі 316 жалпы білім беру мектебінде 8561 оқушы оқыды.
Аудандарда ҰБТ өткізу үшін бюджеттен 16,9 млн. теңге бөлінді.