Жамбыл облысында үш күннің ішінде 20-дан астам атыс қаруы алынды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 14 -16 қыркүйек аралығында «Қару- 2016 шұғыл алдын алу шаралары өтті, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.
«Үш күннің ішінде 21 аңшылық оқ ататын қарулар алынды. Бұдан басқа 49 атыс қаруларының иелері әкімшілік жауапқа тартылды»,-деп түсіндірді өңірлік ІІД.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы ІІД жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті. Жол-патрульдік полиция инспектрлары барлық күдік келтірілген көліктерді тексеруде.