Жамбыл облысында зейеткерге қарақшылық шабуыл жасаған ағайындылар қолға түсті

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған ағайындылар ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкіл Нұрділдә Ораз мәлім етті.

 «Жамбыл облысының Жаңатас қаласында тұратын зейнеткерлердің үйіне қарақшылық шабуыл жасау қылмысы ашылды. Жедел уәкілдердің деректері бойынша, бетперде киген екі адам, үйдің қабырғасын бұзып кіріп, үй иесі мен оның зайыбын балтамен қорқытып, ұрып-соққан. Содан кейін олардың мүлкін иеленіп, бой тасалаған»,-деді ресми өкіл.

 Жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды өткізу барысында 19 жастағы ағайынды егіз жігіт қолға түсті. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар