08:29, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында жаңа салалар дамуда
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -Кәсіпкерлерге жан-жақты тегін көмек көрсету үшін жыл басынан бері Жамбыл облысы әкімінің жанынан «Тараз Инвест Консалт» ЖШС ақыл-кеңес беру компаниясы жұмыс істеп келеді,
осы компанияда жергілікті кәсіпкерлердің 50-ден астам инвестжобалары қаралып, 12 жоба аяқталды.
Серіктестікті басқарып отырған облыс әкімінің кеңесшісі Гүлмира Махмұтованың сөзіне қарағанда, осы жылы жаңа алты жобаны орындау көзделіп отыр.
Оның пікірінше, қазіргі таңда Жамбыл облысында химия және тау-кен металлургия салаларынан басқа, ет-сүт, май, халыққа арналған өндірістік тауарлар, тігін заттары, құрылыс бұйымдары мен жиһаз өнімдерінің дайындалуын дамыту басты мақсаттардың бірі болады. Осыған байланысты Шу ауданында «Қазақ ет компаниясы» ЖШС мен Мерке ауданындағы «Мерке ет» ЖШС арасында агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істеу жоспарланып отыр.