Жамбыл облысында жанар-жағармай құю стансысына тоқтаған автокөлік жанып кетті

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жанар-жағармай құю стансысына (ЖҚС) тоқтаған автокөлік жанып кетті. ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
None
None

Төтенше оқиға маусым айының өткен 30-шы жұлдызында таңертеңгі сағат 9 шамасында, Жамбыл ауданына қарасты Гродикова ауылындағы«ERKoil» ЖҚС-та орын алды. «Мерседес» көлігінен шыққан жалын стансының жағармай құятын екі колонкасына және олардың төбесіндегі жабындыларға жайылған.

Құтқарушылардың айтуынша, автокөлік толығымен жанып кеткен. Тілсіз жаудың шарпыған аумағы 80 шаршы метрді құрады.

Өрт Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің 18 адамы мен 3 техникасының күшімен бір сағаттан астам уақыттан кейін ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар