05:15, 24 Маусым 2016 | GMT +5
Жамбыл облысында жануарды қатыгездікпен өлтіруге қатысты іс тергелуде
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз тұрғынының әлеуметтік желіде итке жасаған қатыгездік әрекеті ғаламтор пайдаланушыларының ашу-ызасын тудырды.

«23 маусымда Жамбыл облыстық ІІД-іне Ж. Мамашеваның атынан белгісіз біреулер қатыгездікпен өлтірген ит суретінің әлеуметтік желіде жарияланғанына қатысты шағымы келіп түсті, - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің ресми хабарламасында. - Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны 1993 жылғы У.Бақтыбай анықталды. Ол Тараз қаласында тұрады, үйленген, балалары бар, өзі құрылыс компаниясында жұмыс істейді».
Жамбыл облыстық ІІД қызметкерлері ҚР ҚК 316 бабы (Жануарларға олардың өлуіне немесе жарақат алуына әкеліп соғатындай қатігездікпен қарағаны үшін ) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.