11:49, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында жарық сөніп қалды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Кеше Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Қызыл арық» энергия реттеу стансасы төңірегінде қарлы боранның салдарынан 35 кВт қуатты электр желісі үзілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қызыл арық, Теріс және Ақтөбе ауылдарында жарық сөніп қалып, апаттың салдары сол күні кешке қарай жойылды. Тараздың қалалық электр желілері мекемесінің ақпараты бойынша, кеше күні бойы Тараздың түрлі учаскелерінде жарық сөніп қалып, қазір ол жерлерде де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыс орталығының жекелеген учаскелерінде ? спирт зауыты мен орталық базар аудандарында жарық жоқ.