Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам ажал құшты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Қордай - Алматы» республикалық автожолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, оқиға орнында төрт адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Қордай ауданы Соғанды ауылынан 10 шақырым қашықтықта орын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«21 шілде күні таңғы сағат 6.ОО-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, «Қордай-Алматы» республикалық тасжолында жол апаты болды. Алдын ала болжам бойынша, «Мерседес Бенц Е200» маркалы жеңіл көлігінің жүргізушісі ұйықтап кетіп, «Мерседес Бенц 814» жүк көлігінің артына барып соғылған. Жол апаты салдарынан «Мерседес Бенц Е200» жеңіл көлігінің 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші ауыр жарақаттармен Қордай ауданының орталық ауруханасына жатқызылды» делінген ведомство xабарламасында.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық полиция департаментінің мамандары жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, барынша абай болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар