Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді

ТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның ақпараты бойынша, Меркі ауданында, «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының 50-ші шақырымында «Газель» мен «Тойота» көліктері соқтығысып, екеуі де өрт құшағына оранған. Оқиға салдарынан 3 адам сол жерде қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілген, олардың 2-еуі 5 және 8 жастағы балалар.

Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Қызыл жалынды өшіруге ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 5 маманы мен 1 техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар