10:16, 15 Шілде 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында «Жолаушылар тасымалы» операциясы болды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы мен қоғам өкілдері белсенді қатысқан «Жолаушылар тасымалы» жедел алдын алу шараларының үш күнінде Жамбылдың жол полиция қызметкерлері жол кодексінің 963 тәртіп бұзу оқиғасын анықтаған.

Жедел берілген ақпараттар бойынша, үш күн ішінде жолаушылар тасымал құралының жүргізушілері 150 әртүрілі жол жүру ережесін бұзған. Сонымен қатар, көлік құралдарының ішіне заңсыз құрылғы орнатқан 29 факт, жылдамдықты асырған 36 оқиға және 36 факт жолаушылар және жүк тасымалы ережелерінің бұзылғандығы бойынша анықталған.
Облыстың ІІД жол полиция басқармасы жол-патруль қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Еркін Мүслимовтың айтуынша, Қордай ауданы мен облыстық жол полициясы жеке батальонының үшінші взводы ең белсенді жұмыс істеген.