Жамбыл облысында жүргізушілерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы аумағында бір мезетте жүргізілген арнайы операция барысында қылмыс әлемін қаржыландырумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы  халықаралық бағыттағы қатынайтын көліктердің жүргізушілерінен тұрақты түрде ақша жинап, оны «ұрылардың ортақ қазынасын» толықтыруға жіберіп отырған.

«Қылмыстық жолмен табылған ақша мұнан ары бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан қылмыс әлемі өкілдеріне жіберілген. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жылдық айналымы 10 млн теңгеден асып жығылады. Ұсталғандардан ақша, жүргізушілерден жиналған ақша жазбалары бар күнделік, сонымен қатар құқыққа қайшы әрекеттерін көрсететін заттай өзге де айғақтар алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандар қылмыстарын мойындап куәлік беруде», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар