Жамбыл облысында жүйке сырқатына ұшыраған адам көршісіне балта алып жүгірді

АСТАНА. Қазақпарат - Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ҚР ҚК 1-бөлімі 96- бабымен және 3-бөлімі 24-бабымен (кісі өлтіруге оқталу) қылмыстық іс қаралды.
None
None

Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылғы мамырда сотталушы киімінің астына балтаны жасырып, зардап шегушінің үйіне келген. Үй ауласында көрші жігіт өзінің достарымен әңгімелесіп отырған. Аздаған уақыттан кейін ер адам ешқандай себепсіз зардап шегушінің басына балтамен ұрып, қылмыс орнынан қаша жөнелген. Айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес сотталушы «параноиялық шизофрения» сырқатына ұшыраған болып шықты.

Сот қаулысымен оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы - жүйке аурулары стационарында емделу тағайындалды. Ол психиатриялық көмек көрсететін арнайы медицина ұйымына жатқызылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар