Жамбыл облысындағы Ақермен кентіне табиғи газ келді

К. Көкірекбаев Ақермен селолық округіндегі басты газ тарату пунктінің ашылуына қатысты. «Мұнда 2410 адам тұрады. Бұл көптен күткен маңызды оқиға», - деген әкім газификацияның әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.
Газ құбырының ұзындығы - 9,2 км, жобалық құны 278 млн. теңгені құрайды. Құрылыс мердігері «Ақбарыс Строй ЛТД».
«Аймақты газификациялау аясында 40%, немесе 377 елді мекеннің 150 газбен қамтылған. Бұл шамамен Жамбыл облысындағы миллиондаған тұрғынның 65%», - деді К. Көкірекбаев.
Сонымен қатар облыс басшысы бірқатар жаңадан ашылған білім беру нысандарының жұмысымен танысты. Алдымен Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі № 7 орта мектепте болды. Аталған білім мекемесі ағымдағы жылдың жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Жобалық құны 700,3 млн. теңгені құрайды. 300 орындық мектеп заманауи жабдықпен қамтылған.