Жамбыл облысындағы атыс: Бір адам қаза тауып, жетеуі жараланды

 ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының полициясы атыс салдарынан көз жұмған  Қаракемер тұрғынының  өліміне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Құқық қорғау ведомоствосының түсіндіруінше, 6 қараша күні кешқұрым автомобиль ішінде  екі жолаушы керісіп қалған. Мұның соңы топ болып атысуға соқтырды.

«Тергеу барысында, шамамен 18.30-да Жамбыл ауданындағы Аса елді мекенінен Құмтиынға бағыт алған көлік ішінде екі жолаушының арасында жанжал туындаған. Салдарынан түн ортасына таман  Аса мен Құмтиын тұрғындары бытыралы тегіс ұңғылы мылтықпен атысқан».

Кеудесіне тиген оқтан жараланған 30 жастағы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны ажал құшты.

Орталық аудандық ауруханаға атыс салдарынан  түрлі жарақат  алған 7 адам жүгінді.

Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот алды тергеу жүргізілуде»,- деп нақтылады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар