Жамбыл облысындағы атысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

ТАРАЗ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының құқық қорғау органдары Жамбыл ауданы Аса ауылындағы атысқа байланысты ҚР ҚК 257 бабының 3-ші тармағы «Қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғады.
None
None

Облыстық ІІД мәлім еткендей, 26 мамыр күні кешқұрым ауылдағы стадионда көкпардан өткен аудандық жарысқа қатысушылар арасында жанжал шыққан.

«Аса ауылындағы орталық стадионның аумағына кездейсоқ келген 6 жігіт жараланды. Әзірге анықталмаған қарудан оқ атылған. Жарақаттанған жігіттер дереу көліктеріне мініп, Аса ауылындағы орталық аудандық ауруханасына жетіп үлгерді. Оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жапа шеккендердің үшеуі Тараз қаласындағы №1 ауруханада. Олардың жағдайы ауыр.

Бүгін қылмыстың барлық мүмкін нұсқалары қарастырылып, оған қатысы бар тұлғалар анықталу үстінде. Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар