Жамбыл облысындағы «Автобус» жедел алдын алу шаралары барысында жолаушылар тасымалының 133 жүргізушісі жауапқа тартылды

деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.
«Мас күйінде қоғамдық көлікті жүргізген екі факті анықталды, жылдамдықты асырған 32 жүргізуші ұсталды, төрт жүргізуші теміржол өткелінен өту ережесін бұзған, 11 автобустың жүргізушісі мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген, 16 жүргізуші жолаушылар мен жүк тасымалының ережесін бұзған. Сонымен қатар, 23 автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кеткен», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция полковнигі Роза Қалдыбекова.
Жол полиция басқармасының инспекторы Б.Жолдасбековтың айтуынша, осы жылы аймақта қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен болған жол-көлік апаттарының саны 33 пайызға артып, адам қазасы 100 пайызға, ал жараланған адамдардың саны 63 пайызға көбейген. «Сондықтан жолда қоғамдық көлік жүргізушілеріне де, жеке көлік жүргізушілеріне де қатаң бақылау қойылады», - деп атап өтті полиция капитаны.