Жамбыл облысындағы «База-Сервис» жаңа кәсіпорны жылына 15 млн. кірпіш шығарады - ҮИИД

ТАРАЗ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Байзақ ауданында ҮИИД мембағдарламасы аясында салынған жаңа «База-Сервис» кәсіпорны жылына 15 млн. кірпішке дейін өндіретін болады,
None
None

деп хабарлайды Жамбыл облыстық әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.

Кәсіпорын толығымен автоматтандырылған, техникалық жүйені 25 адам басқара алады. Жаңа жұмыс орындарына Байзақ ауданының тұрғындары орналасты.

Сонымен қатар, күйдіру пештерінің болмайтындығы өнімді едәуір арзандатады. Жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы қаржыландырылған.

Астана мен Шымкентте филиалдары ашылған соң, зауыт жылына 50 млн. данаға дейін жоғары сапалы кірпіш өндіретін болады.

Бизнестің жол картасы бағдарламасы басталғалы бері өңірде барлық бағыттар бойынша 13,7 млрд. теңгеге 64 жоба қаржыландырылды. Мыңнан астам кәсіпкерлер біліктілігін арттырды, ал 65 адам қызметтік жәрдем алды. Тек қана бизнестік мақсаттағы жаңа инфрақұрылымдарды салуға 2012 жылы республикалық бюджеттен 3 млрд-тан астам теңге бөлінді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, Жамбыл облысында жалпы сомасы 500 млрд. теңгеге 29 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Соңғы жаңалықтар