Жамбыл облысындағы Луговой жылқы зауытында жұмыс істеу жастар үшін абыройлы болып отыр (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-да жұмыс істеу ауыл жастары үшін абыройлы болып отыр.
None
None

Айта кетсек,  бұл күнде зауытта 600 жылқы және таза қанды сәйгүлік  бар.

Бұл күнде серіктестікте мұнымен қоса сүт-ет бағытындағы ұсақ және ірі мал, қаз-үйрек, бекіре балықтар өсірілуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда бидайды сақтау, өңдеу жұмыстары атқарылуда.

Облыстық әкімдіктің деректеріне қарағанда, »Луговой жылқы зауыты» ЖШС  450 ауыл тұрғынына жұмыс тауып беріп отыр. Олардың орташа еңбекақысы 90 мың теңгені құрайды.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне »Луговой жылқы зауыты» ЖШС   басшысы  Халит Базаралиев айтқандай, серіктестікте жұмысшылардың  әлеуметтік жағдайына баса көңіл бөлінеді. Кәсіпорында тұрғын үй мәселесі шешілген. Қазіргі таңда жұмысшылардың кілең коттеджден құралған қалашығы салынуда. Екі қабатты, 350 шаршы метрлік бұл пәтерлерде  ыстық және суық су болады, туалеті де үйдің ішінде.

«Егер шаруашылықта 25 жыл жұмыс істесеңіз, үйді жекеменшікке ала аласыз», -дейді Х. Базаралиев.

Содан да болар Көгершін ауылының, бұған жақын елді мекендердің жастары өз туған жерінде еңбек етіп қана қоймай, әлеуметтік жағдайларын да түзеп алуда.
 
 
 

Соңғы жаңалықтар