Жамбыл облысындағы МИ-2 тікұшағы апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Астана. ҚазАқпарат - МИ-2 тікұшағы апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚР көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
23 қаңтарда сағат 17.30 минутта Жамбыл облысы «Үмбет» құмды аймақта борттық нөмірі U-M-1223 МИ-2 тікұшағы апатқа ұшырады.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді.
Облыстық ІІД теңгеріміндегі МИ-2 тікұшағын «Тараз Жаңа Алем» ЖШС мүлікті жалға алу шарты негізінде пайдалануды жүзеге асырған.
Шартқа сәйкес, жалға алушы тікұшақты ұшу-техникалық пайдалануды, ҚР-да белгіленген қағидаларға сәйкес, кеменің ұшу жарамдылығын қолдауды қамтамасыз етеді, оның шарттарына заңды және жеке тұлғаларға ақылы қызмет көрсету кіреді.
Сенбі, 23 қаңтарда «Тараз Жаңа Алем», ЖШС басшысы, тікұшақ ұшқышы В.М. Михин жолаушылардың алдын ала жүргізген төлемі арқылы комерциялық ұшырылымды жүзеге асырған. Ұшқыштан басқа тікұшақта үш жолаушы болған, оның ішінде Жамбыл облысының прокуроры Е.Н. Сыбанқұлов та бар. Аңшылыққа шыға алмаған, жергілікті жерді тексеру барысында аңның еті табылған жоқ.
Алдын ала дерек бойынша, ұшырылым кезінде тікұшақ қозғалтқышының қысымы төмендеп, түтіндей бастаған. Ұшқыш шұғыл қонуға мәжбүр болған. В.М. Мизин өртті өзі сөндірмек болған, салдарынан денесін күйік шалды.
Жолаушылар жараланған пилотты таяу жердегі шабанға апарып, жедел жәрдем шақырған. Ол Тараз қаласына екінші дәрежелі күйікпен жеткізілген. Қазір оның жағдайы қалыпты.
Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.