Жамбыл облысындағы Сарытас химия зауыты қайта жарақтандырылып, ферроқорытпа өнімдерін өндіруге бейімделді

ң 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жамбыл облысындағы «Сарытас фосфор шығаратын химия зауыты» бүгінде қайта жарақтандырылып, ферроқорытпа өнімдерін өндіруге бейімделді. Бұл туралы бүгін  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен  телекөпірде Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембин айтты,
None
None

 
деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, зауыттың жұмысы жолға қойылғаннан бері облыста металлургия саласы дамып келе жатыр. «Тараз металлургиялық зауыты «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы серпінді инвестициялық жобаларының негізгі тізбесіне енгізілген. Жобаны қазақстандық инвесторлар жүзеге асыруда», деді телекөпірде әкім.

  Жалпы Жамбыл облысында қазір химиялық кластер салынуда. 600 млрд. теңгеге салынған бұл әлеуетті жоба Қаратауда қолға алынды. Кәсіпорынның жылына миллион тонна минералдық  тыңайтқыш және миллион тонна азотты тыңайтқыш өндіретін қуаты бар. Жергілікті құрылыс компаниясына жылына 1 млн. тоннадан астам өнім шығара алатын цемент зауыты өз үлесін қосуға тиіс. Кәсіпорында жаңадан 350 жұмыс орны ашылады. Шикі мұнайды өңдеуге арналған зауытқа 1,5 млрд. теңгеден аса инвестиция тартылды. Кәсіпорын жылына 200 мың тоннаға жуық шикізат өңдей алады.

Соңғы жаңалықтар