Жамбыл облысының аграршылары әр гектардан 300 центнерден картоп жинап жатыр

Шаруа қожалығының басшысы Керімқұл Бегалиевтің сөзіне қарағанда, «Зылиха» ШҚ картоптың элиталық жоғары өнімді түрін өсіріп жатқанына он жылдан асты. Бұл істі 90-шы жылдары Жуалы ауданы Қызыларық ауылындағы үш гектар жерден бастапты. Қазір картоптың өзін ғана 150 га аумақта өсіріп жатыр.
«Бізде «нөлдік технология, - дейді шаруа қожалығының басшысы. - Бізде картопты отырғызудан бастап оны жинауға дейінгі үдеріс механикаландырылды. Бұл үшін лизинг бойынша германиялық «Гриммэ» фирмасының техникасын сатып алдық, тамшылап суару жүйесін пайдаланамыз, бұл өнімнің жоғары болуына әсер тигізеді».
Бүгінде аталған шаруа қожалығындағы техникалық жабдықталу жоғары деңгейде. Қажетті техника, элиталық тұқым, көкөніс қоймасы бар. Картоп, бидай өсіруге, жанар-жағармай алуға берілетін мемлекеттік субсидиялардың көмегі мол, деп атап өтті «Зылиха» шаруа қожалығының басшысы.