Жамбыл облысының Ақбақай кен орнында жұмысшы мерт болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мойынқұм ауданындағы «Алтыналмас» АҚ-ына тиесілі Ақбақай кен орнында соңғы апта ішінде екінші рет кісі өлімі орын алды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД.
None
None

«27 мамырда сағат 22:15-те облыстың ТЖД жедел кезекшісіне облыстың ІІД кезекші көмекшісінен хабарлама келіп түсті, онда Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылындағы «Алтыналмас» шахтасында жұмысшы жұмыс уақытында абайсызда автотиегіш дөңгелегінің астына түсіп кетіп, оқиға орнында жан тапсырғаны хабарланды», - делінген облыстың ТЖД хабарламасында.

Жазатайым оқиға 480 метр тереңдікте орын алды. 36 жастағы тау-кен жұмысшысы Мойынқұм ауылының тұрғыны болып шықты. Оқиға орнына Мойынқұм аудандық ІІБ жедел іздестіру тобы келді. Марқұмның денесі Шу қаласының мәйітханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өкілетті орган жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрды. Еске салсақ, таяуда Ақбақай кен орнында 180 метр тереңдікте тиеу-жеткізу көлігінің машинисі - 43 жастағы ер адам дөңгелекті үрлеу үшін компрессорға қосу сәтінде жарылыстың орын алуынан ауыр жарақаттанып, ауруханаға бара жатқан жолда ажал құшқан еді. Сарапшылардың бағалауынша, қайғылы оқиғаға себеп жұмыс берушілердің де, жұмысшылардың да қауіпсіздік талаптарын бұзуы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар