Жамбыл облысының әкімдігі күн және жел электр стансаларын салуға инвесторлар іздестіріп жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімдігі күн және жел электр стансаларын салуға инвесторлар іздестіріп жатыр. Бүгін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының өңірлік деңгейдегі орындалуына арналған брифингте аталған өңірдің әкімі Кәрім Көкірекбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Бүгінде облыс басшылығы күн және жел электр стансалары құрылысы секілді жаңаратын энергия көздері бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту шараларын қарастыруда»,-деді облыс әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, индустрияландыру бағдарламасы бойынша облыста шетел инвесторларының қатысуымен 3,6 млрд. АҚШ доллары сомасындағы 13 жобаны іске асыру жоспарланған.

Ағымдағы жылы 17 млн. доллар көлеміндегі 2 нысанды іске қосу көзделіп отыр.

Белгілі болғандай, 2015  жылы шетел инвесторларымен 50-ге жуық кездесу өткен. Қазіргі кезде 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру тұрғысында әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Оның ішінде ҚХР-мен экономикалық ынтымақтастықты жандандыру аясында қытайлық компаниялардың қатысуымен 14 инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жобалардың жалпы құны 4 170,4 млн. долларды құрап отыр. 

null  

Соңғы жаңалықтар