Жамбыл облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембин түрлі халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары - жамбылдық мектептердің оқушыларымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында әкім Б.Жексембин, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға білім беру мәселесіне үлкен маңыз беріп отырғанын, себебі жақын болашақта біздің мемлекетіміздің экономикалық қуаты мен саяси мәртебесін нығайту жөніндегі маңызды міндеттерді жастардың шешетінін атап көрсетті. Облыстық білім басқармасының бастығы Дүйсембек Әбдірайымовтың ақпараты бойынша, олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлерінің ішінде Тараздағы қазақ-түрік мектеп-интернатының қыздары мен ұлдары дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп келеді. Олар соңғы үш жылда республикалық және халықаралық білім жарыстарынан 25 медаль қанжығалап қайтты. Әкім оқушыларға бағалы сыйлықтар - компьютерлер, сандық фотоаппараттар, теледидарлар табыс етті.
Соңғы жаңалықтар