20:32, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
Жамбыл облысының әкімі Елбасына электр энергиясының баламалы көздеріне байланысты жобаларды енгізу жөнінде баяндады
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында оңтүстік өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірдің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру, ауылдық аумақтағы апат алдында тұрған мектептердің проблемаларын шешу, сондай-ақ электр энергиясының баламалы көздеріне байланысты жобаларды енгізу туралы айтты.