Жамбыл облысының әкімі этномәдени бірлестік өкілдеріне гранттарды тапсырды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің жұмысының жылдық қорытындысы бойынша этномәдени бірлестік төрағаларына облыс әкімінің грантын салтанатты жағдайда тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Іс-шараға облыс әкімшілігінің, ҚХА хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шараны облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев кіріспе сөзімен ашты.

Ол өз сөзінде биылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында «Қайырымдылық керуені», «Ұлы дала тарихы», «Үлкен ел-Үлкен отбасы», «Мың бала» атты жобалардың жақсы нәтижелелерге жеткенін, бұл жетістіктерге жетуде облыстың этномәдени бірлестіктерінің қосқан үлесінің зор екенін айтып өтті. Жұмыла отырып өткізілген ірі қоғамдық-саяси шаралар мемлекетіміздің беделін бекемдеп, қоғамның ұйысуына септігін тигізді. Бұл - егеменді мемлекеттің, Тәуелсіз ел халқының жасампаз істерінің жемісі.

Өңір басшысы алдымызда үлкен жауапкершілігі мол істер тұрғанын, қазақ халқы тарихи мәселелерді ұдайы ауызбіршіліктің, бірліктің арқасында бірлесіп шешіп отырғанын, алдағы уақытта да бірге жұмыстар жасайтынын айта келіп, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық жұмыстарына табыс тіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Л.Лысова марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен «Әулие - Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Сарыбеков марапатталды.

Облыс әкімі Көкірекбаев облысымыздың қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, этносаралық келісімнің нығаюы мен дамуына, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін этномәдени бірлестік жетекшілеріне салтанатты түрде гранттарды тапсырды.

Кездесу соңында этномәдени бірлестіктердің басшылары алып отырған мадақтаулардың алдағы уақытта этномәдени бірлестіктердің қоғамдық және шығармашылық жұмыстарына үлкен ықпал ететінін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар