Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жамбыл ауданы бойынша танысу сапарын жасады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жамбыл ауданы бойынша танысу сапарын жасады,
None
None

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Бір кездері осы аудандағы гүлденіп тұрған «БМ» ЖШС бүгінгі күні тоқтап тұр және қазір аудан жергілікті бюжетті толықтырудың баламалы көздерін іздеуде.

Қанат Бозымбаев карьер қазумен және қиыршық тас өндірумен айналыстын «Шағал» ЖШС-да болды. Кәсіпорынның әлеуеті жоғары - ЖШС-ның бір бөлігі Жамбыл облысы арқылы өтетін Еуропа - Қытай автожолының құрылысы үшін құрылыс материалдарын жеткізіп бере алады. Әкім бұл мүмкіндікті пайдалануды ұсынды.

Облыс әкімі жеке кәсіпкер Қайрат Медеуовтің жылыжай шаруашылығын дамыту ісімен танысты - ол 107 жылыжай салды.

Облыс әкімі Асы ауылындағы «Жастар орталығында» Гродеков ауылдық округындағы мыңнан астам құнарлы жерлердің сортаңдану проблемасын көтерген кәсіпкерлермен кездесті.

Қанат Бозымбаев Қызылтаң ауылында жүйкесі ауыратындарға арналған интернат-үйінде болды.

Соңғы жаңалықтар