Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев: Киров су қоймасы бақылауда, ешқандай қауіп жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған жұмыс тобы Қырғыз Республикасы Талас облысының губернаторы Даиыр Кенекеевпен бірге Киров су қоймасына арнайы барып, жағдаймен танысты. Биылғы су көлемі жылдағыдан екі есе артық болғанымен, одан келер қауіп жоқ. Қос облыстың басшылары жағдайдың бақылауда, әрі тұрақты екенін мәлімдеді.
None
None

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда аталған қоймада 518 млн. текше метр су бар. Түсіп жатқан су көлемі секундына 96 текше метр болса, оның 85 текше метрі Жамбыл облысы Талас өзеніне ағызылуда. Ал өткен аптада жиналған судың көлемі 548 млн. текше метрге жеткен болатын. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе артық. Су мөлшерінің көптігіне жауын-шашынның көп түсуі себеп болуда.

«Жыл сайын Киров су қоймасына 245 млн. текше метрдей су жиналатын. Биыл су көлемі жылдағы мөлшерден артық. Өздеріңіз білесіздер, Жамбыл облысы 80 пайыз суды Қырғыз елінен алады. Ал су қоймасының қазіргі жағдайы тұрақты, су қоймасы бақылауда, алаңдайтын еш негіз жоқ, сұрақтар шешілді», - деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев.

null null null 

Соңғы жаңалықтар