Жамбыл облысының әкімі «Тараз» ФК ойыншыларына кеңес берді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «Тараз» ФК ойыншыларымен кездесті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

«Ойынды талқылау үшін емес, осындай қиын сәтте сіздерді қолдау үшін келдім. Команда басшылығымен кездестік. Алайда оң нәтижелерді байқап жатқан жоқпыз, - деді К. Көкірекбаев.

«Тараз» ФК бас бапкері Ю. Максимов мұны «Тараз» командасы толық жинақталмағандығымен түсіндірді. Алайда, жауапкершіліктен бас тартпайтынын, отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар, белгілі болғандай, төрт негізгі ойынша жарақаттанып, маусымның соңына дейін командадын шығып қалды. Олар: Йован Голич, Олег Недашковский, Виталий Евстигнеев, Игорь Зенькович.

Сондықтан, «Тараз» ФК басшылығы клубпен келісімшартқа тұрған өзге ойыншылармен құраманы күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл Александр Алиев пен Андрей Яковлев (Украина), Антон Григорьев (Қазақстан, «Атырау»), Даврон Эргашев (Тәжікстан).

Кәрім Көкірекбаев «Тараз» ФК барлық ойынын қарайтынын айтты.
«Білікті ойыншылар бар екенін көріп отырмыз. Алайда, жолдары болмай отыр. «Жетісумен» кездесуде екі гол соқты. Алайда, ойынды теңестіру мүмкіндігі болды. «Атыраумен» ойында Малик Мане пенальтиден гол соға алмады. Соққан жағдайда тең ойын көрсететін еді. Сондықтан, бүгін айтайын дегенім, еш уақытта мойымай, соңына дейін күресу керек», -деді әкім.

«Тараз» ФК басшылығы мен бапкерлер штабы аймақ басшысына құрама жағдайын жақсарту үшін қолдан келгенін жасайтынын айтты.

null 

Соңғы жаңалықтар