Жамбыл облысының әкімі VІ республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің женімпаздарын қарсы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев «Әулие -Ата» әуежайында қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған VІ республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздарын қарсы алды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Кездесу барысында аймақ басшысы балуандарды жеңіспен құттықтап оларға 5 млн., 1 млн және 500 мың көлемінде ақшалай сыйлық табыстады.

3 шілде күні «Сарыарқа» республикалық велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған VІ республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі өтті.

Турнирдің үш дүркін жеңімпазы атанған Бейбіт Ыстыбаев шешуші сәтте ең ауыр балуан Жұманазар Ерсұлтановты жеңіп, алтын «Тайтұяқ» пен ақшалай сыйлық және Астана қаласынан жаңа пәтерге ие болды.

Оңтүстік қазақстандық Жұманазар Ерсұлтанов жартылай финалда жамбылдық Айбол Айтбекті жеңіп, финалға жолдама алды. Жартылай финалдың екінші жұбында белдескен Бейбіт Ыстыбаев турнирдің ең үздік балуаны Дәулетхан Жақыповпен күресті. Д.Жақыпов «Қазақстан Барысы» турнирінде 2014 жылы қатысып, «Ең үздік балуан» атанған болатын. Ол сол жолы көрермендер көзайымына айналып, күш, ептілік, үздік күрес, жеңіске деген жігерін байқатқан еді.

Бұдан бөлек, жүлдегер атанған балуандардың бапкерлері ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бірінші орын алған балуанның бапкеріне 3 500 000 теңге, екінші орынға - 1 800 000 теңге, үшінші орынға - 900 000 теңге тапсырылды. Бұл ақшалай сыйлық бапкерлерге шәкірт тәрбиелеп, қазақ күресіне сіңірген ерен еңбегі үшін берілді. Ал балуандар арасында 1-орынға 25 000 000, 2-орынға 5 500 000, 3-орынға 1 800 000 теңге табысталды.

Соңғы жаңалықтар