Жамбыл облысының әкімі жұмыс сапарымен Рысқұлов ауданында болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарымен Рысқұлов ауданында болды, онда ол әлеуметтік сала нысандарын аралап, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері жұмыстарымен, агроқұрылыммен танысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Әкім Абжапар ауылында 2010 жылы салынған медициналық пункт жұмысымен, сондай-ақ осы ауылда салынып жатқан жаңа орта мектеп құрылысымен танысты. Жоспар бойынша құрылыс жылдың екінші жартысында аяқталуы тиіс. Шамамен осы уақытта Каменька ауылында 140 орындық бала бақша құрылысы да аяқталады. Ол 2015 жылы салынып басталған болатын.

Сондай-ақ, облыс басшысы Подгорное ауылының мектебінде болып, жергілікті халықпен кездесті.

Ауданда бірнеше ірі шаруашылық жұмыс істеп тұр. Әкім соның бірі, түрлі дәнді-дақылдар егетін «Ақтоған» агроқұрылымында болды. Одан бөлек, «Луговск ат зауыты» ЖШС-ға, «Сүйінші мал бордақылау шаруашылығының базасына барды.  

Аймақ басшысы жергілікті жерлердегі мәселелермен танысты. Сапар аясында ол жергілікті полиция жұмысын жақсартуды, сондай-ақ егінді уақтылы әрі сапалы түрде оруды тапсырды. 

null null 

Соңғы жаңалықтар