Жамбыл облысының әкімі жұмыс сапарымен Талас ауданында болды

деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.
Бөлтірік, Ойық, Ақкөл ауылдары мен Қаратау қаласында болған әкім мектептерді, балабақшаларды, әлеуметтік сала нысандарын аралады, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларымен кездесті.
Атап айтқанда, «Амангелді Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған кезінде Қанат Бозымбаев кәсіпорын басшылығына Талас ауданының тұрғындары қатарынан мамандарды жұмысқа тарту туралы өтінішін білдірді.
Әкім сапар барысында әлеуметтік сала нысандарына да назар аударды. Атап айтқанда, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған Бөлтірік ауылындағы 150 орындық мектепте, Ойық ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда, сондай-ақ Жол картасы аясында жөндеуден өткізілген Ақкөлдегі «Қарлығаш» балабақшасында болды.
Ал аудан орталығы - Қаратау қаласында - аймақ басшысына ауыл шаруашылығы жобаларының қызметтері мен жоспарлары, мәрмәр өндіру және өңдеу, Қаратау қаласының аумағын абаттандыру жобалары таныстырылды.