04:18, 29 Маусым 2016 | GMT +5
Жамбыл облысының әкімі журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысының әкімдігінде өткен кездесу барысында БАҚ өкілдерін, ардагер журналистерді Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесімен құттықтады.

Аймақ басшысының құрмет грамотасымен кәсібилігі үшін және облыстың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы мемлекеттік ақпараттық саясатқа белсене атсалысқаны үшін 6 өңірлік журналист марапатталды. 4 БАҚ өкіліне алғыс хат табысталды. 39 бұқаралық ақпарат құралдары қызметкері облыс әкімінің сыйақысын алды.
Жамбыл облысында 52 аудандық, облыстық және республикалық БАҚ бар. 33 облыстық, қалалық және аудандық басылымның ресми сайты жұмыс істеп тұр.