Жамбыл облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен өңірдің бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып Айтқұлов Қанат Оңғарұлы тағайындалды.

Қ.Айтқұлов 51 жаста. Алматы сәулет-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару институтын «Бағалаушы» мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1992 жылы «Ақжол» агробірлестігінде құрылыс учаскесінің шебері болып бастады. 2005 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. Кейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінде бөлім бастығы, «Кайрат и Ко» «АСК» ЖШС-да өнеркәсіптік база басшысы қызметінде болды.

2015 жылы Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік архитекторы, 2015-2016 жылдары «TengriCapitalCompany» ЖШС басшысының орынбасары, 2016-2018 жылдары алматылық «Промсвязь» зауытының бас директор орынбасары.

2018 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін «Тараз химиялық паркі» ЕЭА» АҚ-да құрылыс жұмыстарын бақылау жөніндегі департамент директоры болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар