Жамбыл облысының елді мекендері 2019 жылы ауызсумен толықтай қамтылмақ

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 2014 жылы Жамбыл облысында 18 сумен жабдықтау нысандарын салуға 4,2 млрд. астам теңге бөлінді. 12 нысан биылғы жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевпен өткен кеңесте талқыланды. Ол мемлекеттік органдарға әрбір сумен жабдықтау нысанын қатаң бақылауға алуды тапсырды. 2011-2013 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында шамамен 12,3 млрд. теңге игерілді, 57 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде өңірдің тағы 40 елді мекені сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні облыстың 383 елді мекенінің 208-і қолжетімді ауызсумен қамтылды. Бұл жерлерде шамамен 452 мың адам тұрады. Облыстық Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2019 жылы өңірдің барлық тұрғындарының толықтай ауызсумен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Айта кетейік, Жамбыл облысы халқының саны 2014 жылдың басында 1 млн. 70 мың адамды құраған.

Соңғы жаңалықтар