Жамбыл облысының индустриясына 3,2 млрд ш.б. шетелдік инвестиция тартылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында шетелдік инвесторлармен бірлескен бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев тұрғындармен есептік кездесу барысында мәлім етті.
None
None

«ҚХР, Жапония, Нидерланды сынды елдердің инвесторларымен 3,2 млрд ш.б. сомасына 15 келісім мен меморандумға қол қойылды. Құны 3,1 млрд болатын 14 инвестжоба жүзеге асырылу үстінде. Химия, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы сынды салаларда тағы 26 инвестициялық жобалар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті әкім.

Талас ауданында оңтүстік өңірдегі ең ірі болып табылатын минералды тыңайтқыш зауытын салу жөніндегі жоба жүзеге асырылып жатыр. «ЕвроХим Тыңайтқыш» компаниясының бұл жобасының жалпы құны 2 млрд ш.б. болмақ және жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орнын ашу қарастырылып отыр.

Тағы бір ауқымды жоба - «Самұрык-Қазына» қорының қатысуымен жүзеге асырылатын «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құру. Қазіргі сәттің өзінде АЭА аясында 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар: күйдіргіш сода мен хлор, фосфор хлориді (III), глифосат, метанол өндіру, жоба құны - 128 млрд. теңге. Мыңдай жаңа жұмыс орыны ашылады. Жалпы алғанда, арнайы экономикалық аймақтың сыртқы инфрақұрылымының құрылысы аяқталып қалды», - деді Кәрім Көкірекбаев.

Соңғы жаңалықтар