Жамбыл облысының Қордай ауданында есірткіні сатумен айналысатын қылмыстық топ залалсыздандырылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Қордай ауданында есірткіні сатумен айналысатын қылмыстық топ залалсыздандырылды,
None
None

деп хабарлады Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Роза Қалдыбекованың айтуынша, есірткіні сатумен айналысатын қылмыстық топты бұрын сотталған 29 жасар Меркі ауданындағы Меркі ауылының тұрғыны ұйымдастырған.

«Үш күдікті адам іс үстінде - 50 келі марихуананы 300 000 теңгеге сату кезінде ұсталды», - деді Р.Қалдыбекова.

Аса ірі мөлшерде есірткіні сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар