Жамбыл облысының Күйік жартасында қарбыз тиелген «КамАЗ» жырадан құлап кетті - қаза тапқандар бар

«2 маусым күні, шамамен сағат 19.00-де, Алматы-Ташкент автокөлік жолының 548 шақырымында, Күйік жартасы ауданында қарбыз тиелген тіркемелі «КамАЗ-53212» автокөлігінің жүргізушісі рулге ие бола алмай қалып, алда келе жатқан «БМВ-525» автокөлігімен соқтығысып қалды, - деп айтылған ведомство хабарламасында. - Соқтығысудан кейін «КамАЗ» автокөлік жүріп келе жатқан қозғалыс бағыты бойынша жолдың оң жағындағы жыраға құлап кетті».
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 32 жасар «КамАЗ» жүргізушісі және екі жолаушы - 40 және 37 жастағы екі ер адам, барлығы ОҚО тұрғыны - оқиға орнында қайтыс болды.
«БМВ-525» көлігінің рулінде 48 жасар Тараз тұрғыны отырған, ол әр түрлі жарақаттармен №1 Тараз қалалық ауруханасына жатқызылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, Шымкенттен Таразға қарай жүріп келе жатқан «КамАЗдың» тежегіші істемей қалған.
Бірқатар сараптамалар жүргізілуде, деп хабарлайды жол полициясының баспасөз қызметі.