Жамбыл облысының лагерлерінде оқушыларды жазғы демалыспен 100% қамту көзделген (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында балаларға арналған жазғы демалыс лагері маусымы ашылды.
None
None

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, жазғы демалыс айларында сауықтыру демалысымен мектеп оқушыларының 100%-ын қамту жоспарлануда. Сондай-ақ 170 мыңнан астам жамбылдық оқушыларды қамту үшін ауқымды бағдарлама көзделген.

Сауықтыру және мектеп жанындағы лагерлерде, республикалық сауықтыру орталықтарында балалар үшін түрлі мәдени бағдарламалар, тегін тамақтандыру, спорттық шаралар қарастырылған. Биылғы жылы Жамбыл облысының қала сыртындағы лагерлерінде балалардың 5%-ы демалады, оның ішінде балалар үйлері мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Аймақта он мемлекеттік және жекеменшік қала сыртындағы сауықтыру лагерлері бар. Олар өңірдің Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Мерке, Рысқұлов, Сарысу аудандарындағы табиғаты әсем жерлерде орналасқан. Білім ведомоствосынан хабарлағандай, қала сыртындағы лагерде 12 күн демалудың құны 15-45 мың теңге аралығында.

Соңғы жаңалықтар