07:57, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жамбыл облысының мектептерінде «Өзін өзі тану»оқулығы жетіспейді, алайда бұл кітап базарда еркін саудаға түсіп жүр
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының мектептеріне арналған «Өзін өзі тану» пәнінің оқулығын алу үшін республикалық бюджеттен жүз миллионнан астам теңге қаражат бөлінген,

деп хабарлады облыстағы әкімдіктің білім беру басқармасы.
Бұл қаражатқа 244 мың 990 дана кітап алынуы керек еді. Облыстық білім беру басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы оқу жылында облыс мектептерінде 190 мың бала білім алады, яғни бұл кітап толығымен жетуі керек дегенді білдіреді.
«Қазіргі таңда кітап білім беру ұйымдарына 100 пайыз таратылды», - деп тамыз кеңесінде облыстық білім беру басқармасының бастығы Сұлушаш Құрманбекова сенімді сөйлеген еді.
Шындап келгенде, облыстағы барлық мектептер «Өзін өзі тану» пәні бойынша кітап жетіспейтіндігін айтып, шағымдарын түсіруде.
Солай бола тұра, бұл оқулық Тараздың орталық базарында 800 теңгеден еркін саудаға түсіп жүр.